- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Неаполитан пиццасы ЮНЕСКО...
Неаполитан пиццасы ЮНЕСКО мұрасы тізіміне енді
Фото:
vk.com
Неаполитан пиццасын даярлау әдісі ЮНЕСКО мұрасы тізіміне енгізілді. Бұл шешім 7 желтоқсан күні Оңтүстік Кореяда болған отырыста қабылданған болатын. Ақпарат ұйымның сайтында жарияланды.
ЮНЕСКО ұйымы мұндай шешім қабылдауының сыры неаполитан пиццасын пісірудегі ерекше әдіске байланысты екенін түсіндірді. Әдетте пицца үлкен пеште пісіріледі. Ал, аспаз пицца нанын илегеннен кейін, ауада айналдырады. Пешке салғанға дейінгі осы үдеріс нағыз шоу іспетті.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр ЮНЕСКО ұйымы мұрасы тізіміне бельгиялық сыра енгізілген еді.
А. Оралқызы