- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Індеттен құтқарған Балто...
Індеттен құтқарған Балто туралы
Аляскада, Беринг бұғазының жағалауында Ном қалашығы орналасқан. ХІХ ғасырдың соңында сол маңнан алтын табылған екен, сол себепті адамдар көшіп барып, 10 мыңнан астам қоныстанған. 1925 жылы тұрғын саны 4 есе азайып, қала тұрғындарына тек 1 дәрігер мен 4 медбике медициналық көмек көрсеткен.
⠀
1925 жылы балалар арасында күл ауруы (дифтерия) кең тараған, тіпті осы сырқаттан қайтыс болған. Дәрігер бұл аурудың алыдн алатын екпе жоғын айтып, губернаторға телеграмм жолдаған, қорда біразын тапқан, бірақ олардың сақталу мерзімі өтіп кеткен екен, неге бұлай ушыққаны сол уақытта зерттелмеген.
АҚШ-та 1920 жылдары күл ауруымен 200 мыңнан аса науқас ауырған, 15 мыңы қайтыс болған. Олардың дені – бүлдіршіндер. Вакцина тек 1923-1925 жылдары табылған, Ном қаласына жеткілікті екпе жеткізілмегендіктен, өлім саны күрт өскен.
Сол жылы қараша айында Беринг бұғазы мұзға айналған, сол себепті порт тоқтаған және тұрғындар Ном қаласына тек итке (Сібірдің хаски тұқымы) жегілген арбалармен ғана бара алған. Қалаға ең жақын жер – 1000 км орналасқан Анкоридж елді мекені. Басқа мезгілдерде Анкориджден Номға дейін 15-20 күнде жетуге болатын, бұл уақытта індет деңгейі тез өсетін.
Дәрі-дәрмекті 20 қуғыншы мен 150 жегілген ит 5 күн 7 сағат дегенде алып келетін. Ең алғашқы дәріні Леонард Сеппала есімді қуғыншы мен Того атты арланы бар иттер көші алып келген. Леонардоның 8 жасар жалғыз қызы осы індетті жұқтырып алудан қорыққан. Олар уақытты үнемеу үшін мұз үстімен айдап келген. Осы жеткізуден кейін Номда өлім тіркелмеген.
Барлық қуғыншыға Аляска губернаторы алтын медаль мен $25 (өте аз көлемде) берген, ал АҚШ президенті алғыс хат жолдаған.
Бірақ олардың арасында Гуннар есімді қуғыншы мен оның Балто атты арланының аты кеңінен таралған. Себебі олар Американы шарлап, басқа алыс аймақтағы шағын қалаларға вакцина тасымалдаған, тіпті Нью-Йоркқа келіп, вакцина өндіруші компаниядан $1000 сыйақы алған.
Кейін Балтоның есімі сирек аталатын болды, ол бастаған көшті басқа біреулерге сатып жіберген. 1927 жылы хәл үстінде жатқан жерінен тауып алып, құтқарып, Кливленд қаласына алып келген. 1933 жылы Балто қайтыс болады. Оның денесін Клифленд музейіне өткізген екен.
Қазір Балтоның ерлігі мен көмегін ұмытпас үшін Нью-Йоркте Орталық саябақта ескерткіш орнатқан.
Балтоның ерлігі туралы фильм, мультфильм түсірілген.
Г. Берік