Найзағай — табиғаттың ең сырға толы, жұмбақ құбылыстарының бірі. Ежелгі ғасыр адамдарды бұны жамандықтың нышаны деп таныса, бүгінде адамдар жай ғана табиғаттың бөлшегі ретінде біледі. Соған қарамастан, найзағай астында еркін серуендей алмайды.
Аспан разрядынан адамдар да, жануарлар да зардап шегеді. Статистика бойынша, жылына 6000-нан бастап 24000-ға жуық адам найзағай соққаннан қайтыс болады.
Бәріміздің мазалайтын сұрақ бар: найзағай бір түскен жерге екінші мәрте түсе ме? Зерттеушілер бұл сұраққа "иә" деп жауа береді. Олар тек екі рет емес, бес-алты, кейде тіпті 15–20 рет түсетінін айтады. Ал, бір рет түсу өте сирек кездеседі.
Оның себебі аймақтың ерекшелігімен байланысты. Найзағай жазық жерден гөрі, өсіп тұрған ағашқа түседі. Өйткені, электр өрісінің күші заттың биік әрі тоқөткізгіштігіне байланысты түседі. Мысалы, екі діңгектің (қайық желкенінің ағашы) біріне найзағай бірнеше рет түскен. Екіншіден айырмашылығы олар екі түрлі материалдан дайындалған: бірі – ағаш, екіншісі – металл. Әрине, металл тоқты ағашқа қарағанда жақсы өткізетін болғандықтан, найзағай металдан жасалған діңгекке түседі.
Найзағай бұдыр-кедірсіз, тегіс аймаққа да түсе алады. Бірақ, құрғақ жерге қарағандай, найзағай батпақты аймаққа не суға жиі түсетіні анықталған.
Бір жерге бірнеше рет түсуінің тағы бір себебі, найзағайдың туындауымен тығыз байланысты. Үрдіс найзағайлы бұлттардан басталады. Оның ішінде қарқынды түрде тігінен қозғалыс жүреді. Ал, жерден көтерілген ылғал аспанға тамшы түрінде жетеді. Мұндай тамшылардан бұлт құрылады. Егер температура төмен болса, тамшылар қатады да, мұздықтар түзіледі. Жауын-шашынның ерекше түрі жарма тамшылармен соқтығысқанда бірі оң зарядқа ие болса, екіншісі теріс зарядталады. Егер осындай екі найзағай бұлты бір біріне жақын келсе зарядталған бөліктер арасында арна пайда болады да, олардың температурасы 3000°C дейін жетеді. Дәл осы сәтте біз найзағайды көреміз.
Бірнеше уақыттан соң заряд орнына келеді. Ал, бөліктер үшін пайда болған арнадан "қайта өткен" тиімдірек. Солай олар қуатты үнемдейді. Ал, өзге найзағай бұлтына барса, олар бар энергиядан айырылытын еді. Ондай жағдайда найзағай бір орынға екінші мәрте түспес еді.
Найзағай соққысынана қорғану үшін ағаш астында тығылмағыз, керісінше тегіс аймақта жүріңіз. Егер сіз суда жүрген кезде найзағай басталса, тезірек жағажайға шыққаныңыз абзал.