NASA Айға ғарышкерлер ұшырады

NASA Айға ғарышкерлер ұшырады
Фото: pixabay.com

NASA басшысы Джим Брайденстайнның мәлімдеуінше, Айға ғарышкерлер 5 жылдан кейін тағы да жіберілуі мүмкін. Айға ғарышкерлердің жіберілуі оның бетінде жақында мұздың табылғаны себеп болып отыр. 

NASA жер серігіне ғарышкерлердің қашан ұшатынын да жоспарлап отыр. Агенттіктің жоспарына қарағанда, 2020 жылы алдымен адамсыз сынау аппараты ұшылады да, 2023 жылы бортында ғарышкерлері бар ұшу жүзеге асырылады. 

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Айдың күн сәулесі түспейтін терең кратерлерінен мұз қорлары табылғанын жазған едік. Зерттеу кезінде мұздың қанша тереңдікте орналасқаны анықталмады, бірақ көлеңкелі кратерлердегі мұз қоры Айдағы барлық мұз қорының 3,5 пайызын құрайтыны анықталған.

Сарапшылардың пікірінше, болашақта Айға қоныстанушылар бұл мұз қорларын тиімді пайдалану үшін бірнеше зерттеу аппаратын ұшырып, оның қалыңдығы мен көлемін анықтап алу керек. Айдан мұздың табылуы болашақта Айға қоныстанушылар оны ауыз су көзі ретінде пайдаланады дегенді білдірмейді. Бұдан айдың болашақ тұрғындары күн жүйесін одан әрі "жаулап алу" үшін қолданылатын отын шығара алады, яғни мұзды ерітіп одан сутегі мен оттегі өндіреді дегенді білдіреді.

Т. Раушанұлы