NASA Ай мен Марсты зерттеуге арналған жоспарымен бөлісті

NASA Ай мен Марсты зерттеуге арналған жоспарымен бөлісті
Фото: hi-news.ru

Осыған дейін ғалымдар Марста кейде мұздың еруінен судың болуы мүмкіндігін, бірақ ғаламшардағы төмен қысымға байланысты оның көп өтпей буланып жоқ болып кететінін, енді Марста тұрақты түрде су бар екені туралы дәлелдер пайда болғандығы туралы және осы жаңалықтан көп өтпей Айдың күн түспейтін терең кратерлерінде де мұз бар екендігін, болашақта бұл мұздан оттегі мен зымыран үшін қажетті жанармай бөліп алуға болатындығын жазған едік. Енді NASA осы екі ғаламшарға қатысты жаңа жоспары және жобаларымен бөлісті.

АҚШ Ұлттық Аэронавтика және ғарыш агенттігі (NASA) алдағы онжылдықта ғарыш кеңістігін жаулап алудың жаңа жоспарын әзірледі. Жақын кеңістіктегі орбитада жұмыс істеуге қатысты кейбір негізгі миссиялардан басқа, агенттік ғарыштағы 40 жыл бұрын қолға алынған алғашқы ғарыштық миссияны жүзеге асыруды жоспарлап жатыр. Ол бойынша алдымен адамды айға жеткізіп, ары қарай Марсқа ұшыру. 

Агенттік АҚШ президенті Дональд Трамптың қазіргі әкімшілігінің ұсынған талаптарына сәйкес – ғарыш саласындағы жетекшілікті қайта қолға алу бойынша осындай жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр. Себебі АҚШ бұрын тек КСО кейіннен Ресеймен ғана бәсекелес болса, ХХІ ғасырға келіп бәсекелестікке Қытай Халық Республикасы мен Жапония да қосылды. АҚШ жаны бар роботтардай жұмыс істейтін Қытайға жетекшілікті беріп қоймаудың түрлі амалдарын қарастыруда. 

Агенттік жариялаған 21 беттік құжатқа сәйкес, NASA өз алдына бес негізгі міндет қойған. Оның негізіне ғарыш кеңістігінде елдің көшбасшылығын нығайту ғана емес, ғарышты терең зерттеу, ғарыш техникаларын дамыту да кіреді. 

Оның ішіне: ғарыш саласын зерттейтін жеке компанияларды белсенді қолдау және халықаралық ынтымақтастық орнату, жақын кеңістікті және оттегі кеңістігін әрі қарай зерттеу, ғылыми жаңалықтарға қолдау көрсету және ғаламшарымыздың жасанды серігіне бірқатар роботтық миссиялар кезінде Ай ресурстарын зерттеуді сипаттау, америкалық ғарышкерлерді Айға ұшыру, сондай-ақ Марсқа және басқа да бағыттарға ұшуға арналған рейстерді әзірлеу және енгізу кіреді. 

Ғарышкерлерді Ай және Қызыл ғаламшарға ұшыру NASA жобасы бойынша алдағы 20 жылға жоспарланған. Алғашқы зымыран 10 жылдан соң Айға ұшырылады. Бірақ кейбір туындаған мәселелер мен қиындықтарға байланысты жоспар өзгеруі де мүмкін. 

Жақын кеңістіктегі орбита 

Жер төңірегіндегі орбитада жасалатын операцияларға қатысты NASA негізгі тапсырыс беруші болып табылатын АҚШ үкіметінің көмегінен бас тартып жеке коммерциялық компания көмегіне жүгінеді. Қысқаша айтқанда, NASA тікелей мемлекеттік басқарудан және қаржыландырудан тәуелсіз болып, сауда серіктестіктері мен қызметтеріне, сондай-ақ белсенді халықаралық ынтымақтастық көмегіне қол созады. Агенттік 2025 жылдан кейін Халықаралық ғарыш станциясына қатысты осындай тәсіл қолданғысы келеді. Мемлекет тарапынан агентікті қолдау кем дегенде 2024 жылға дейін жалғасады. Осы уақыттың ішінде NASA робототехника, байланыс, медицина, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларда жаңа технологияларды тестілеу алаңы ретінде пайдалануды жоспарлап отыр, олар терең кеңістікті дамыту бағдарламасының одан әрі жүзеге асырылуы үшін қажет. 

Халықаралық ғарыш станциясы (ХҒС) NASA үшін жақын жердегі орбитада ұсынылатын қызметтердің коммерциялық бағытына көшіуде маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, станциядан жеке меншік шағын спутниктерді (кубат) іске қосу, оны үкіметтік емес миссияларға арналған зерттеу алаңы ретінде пайдалануды, сондай-ақ, ғарыштық туристік қонақ үйдің американдық сегментін ішінара қайта құрылымдау. 

Айға оралу 

Жоспардың осы бөлігін іске асыру ғарыш аппаратын таситын Space Launch System (SLS) және Orion көп мақсатты ғарыш құрылғыларына жүктеледі. 2020 жылға қарай Orion ұшқышсыз ғарыш кемесінің (Exploration Mission-1) алғашқы сынақ нұсқасы іске қосылады. Осы миссия барысында құрылғы Айға барып, қайта оралады.

Бұдан әрі 2023 жылы Exploration Mission-2 жоспарланған. Оның аясында агенттік Айдың айналасына ғарышкерлер тобын жібереді. Ары қарай агенттік миссияның қалай орындалуына байланысты Айдың бетіне ғарышкерлерді 2030 жылға дейін жіберуі мүмкін.


Айды зерттеудің тағы бір маңызды қадамы АҚШ-тың жақын маңдағы кеңістікте Gateway орбиталық станциясын құру. Осы арқылы NASA Айға қиналмай жетіп алуды көздеп отыр. 

Станцияны Айды зерттеуге арналған ғылыми зертхана ретінде, сондай-ақ микроағзалар мен радиацияның тірі ағзаларға әсер етуі қалай жүзеге асатынын бақылау үшін пайдалану жоспарланған. Бұл жұмыстың нәтижелері ғарышты терең зерттеу мен одан әрі ғарыш техникаларын дамытуға, оның ішінде Марсқа ұшудың дайындық негізін құрайды. Өз кезегінде станция Қызыл ғаламшарға және Күн жүйесінің басқа да нүктелеріне ұшу үшін транзиттік орын болады. Станцияның "құрылыс қазығын" 2022 жылы қағу белгіленген. 

Марсқа саяхат 

Алғашқы Марсқа саяхат 2030 жылдарға қарай жүзеге асырылуы мүмкін. Марсқа ұшуға дайындық жұмыстары "Марс-2020" миссиясының нәтижелерін алғаннан кейін басталады, оның барысында Қызыл ғаламшарға жаңа робот жіберіледі. Робот біздің көршімізде тіршілік бар ма жоқ па деген сұрақтың жауабын іздеп қана қоймай, болашақ колонистлердің жергілікті табиғи ресурстарды пайдалану мүмкіндіктерін зерттейді. 

Марсқа ұшатын рейстерді дайындаудың маңызды аспектісі Қызыл планетадағы роботтық миссияларды дамыту болып табылады, ол Айды зерттеу бойынша миссиялар кезінде алынатын ғылыми және техникалық тәжірибелер негізінде жасалады.

NASA ұсынған құжатқа сәйкес, Марстың даму жоспарының маңызды бөлігі ғаламшар орбитасында жаңа миссияны жүзеге асыратын орбиталық инфрақұрылымды құру және Марсқа қонатын орынды дайындау. 

Агенттік Lockheed Martin компаниясына Mars Base Camp аталатын орбиталық бекетіне қатысты концепт-құжат жасауға тапсырма берді, кейін сол үлгі Ай жанындағы Gateway бекетіне қатысты да пайдаланылатын болады. Станция бортына Қызыл ғаламшарды зерттеуге мүмкіндік беретін жеке десанттық марсоход орнату жоспарланған.

Т. Раушанұлы