Мысырлық археологтар Птолемейлер әулетіне (б.з.б IV-I ғ.) жататын 50 мумия жерленген үлкен қорымды тапты. Бұл туралы Египеттің көне заттар минстірлігі хабарлады. Жергілікті билік бұл табысты "2019 жылдың алғашқы ірі жаңалығы" деп атады.
Қорым ел астанасы Каирдан онша ұзақ болмаған Эль-Миньядан табылды. Мумиялар Тунь-аль-Габал аймағындағы тоғыз метрлік тереңдіктегі 20 метрлік бөлмеде жерленген.
Археологтардың айтуынша, мумиялар түрлі жастағы адамдар, оның 12-сі кішкентай балалар. Ғалымдар олардың есімін білдіретін иероглифтерді таппаған. Бірақ бұл отбасы сол замандағы ақсүйек әулеттерінің бірі екендігінен олар еш күмәнданбайды.
Айта кетейік, Птолемей (еж.-грек. Πτολεμαῖοι, Лагидалар) – б.з.д IV-I ғасырдағы эллинизм дәуірінде салтанат құрған әулет. Оның негізін Птолемей I қалаған.