Мысыққа беруге болмайтын тағамдар

Мысыққа беруге болмайтын тағамдар

Қазір мысық асырайтын адамдар көбейіп келеді. Алайда оларға не беру керектігін біреуі білсе, біреуі білмес. Бүгін біз сіздердің назарларыңызға мысыққа беруге болмайтын тағамдарды ұсынамыз.

1. Сүт пен қаймақ

Мысықтар үшін сүт қанты зиян. Сондықтан, олардың асқазандарына сүтті тағамдар өте ауыр тиеді. 

2. Майлы тағамдар

Мысығыңызға ешқашан майлы тағамдар бермеңіз.

3. Сүйек

Мысықтың тісі қатты болса да, оларға ешқашан сүйек бермеңіз. Өйткені, тамағына тұрып қалуы әбден мүмкін.

4. Жүзім

Мысықтарға жүзім қосылған торт, кекс, печенье беруге болмайды. Бұлар олар үшін улы тағамдар. 

5. Авокадо

Мысығыңыздың авокадоны жеп қоймауын жіті бақылаңыз. Бұл жеміс оларға өте зиян.

6. Пияз

Пияздан абай болыңыз. Ол мысығыңыздың өміріне қауіп төндіреді. Тіпті, оның қабығына да жолатпаған дұрыс. 

7. Сарымсақ

Мысығыңызға ешқашан сарымсақ қосылған тағам бермеңіз. Сарымсақ қаназдылыққа әкеліп соқтырады. 

8. Спиртті ішімдіктер

Мысықтарыңызды спиртті ішімдіктерден аулақ ұстаңыз. Олар үшін бұл нағыз у.

9. Кофе мен шоколад

Мысығыңызға мұндай тағамдар зиян. 

10. Шикі жұмыртқа

Мысықтардың басым көпшілігі бұл тағамды сүйсініп жейді. Алайда ол пайдалы деген сөз емес. Мысығыңыздың ас мәзірінен мұны мүлдем алып тастаңыз. Себебі, ас қорыту жүйесіне зиянды. 

Сурет: globe-views.com

Оқи отырыңыз:

Бұл қызық: Қытайдағы хайуанаттар бағы

Австралиялық балықшылар сирек кездесетін жылан пішіндес акуланы ауға түсірді

Шынайы достықты дәлелдейтін көрініс (видео)

Ит пен мысықтың достығы (видео)

 

Ж. Исакаев