- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Мыңдаған адам "Айқай"...
Мыңдаған адам "Айқай" үшін жиналды
Нью-Йорк мұражайларының бірінде кеше ғана бір картинаға арналған көрме өтті. Көрмеге келушілер норвегиялық экспрессионист-суретші Эдвард Мунктың атақты «Айқай» («Крик») картинасын тамашалаған, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
«Айқай» ең қымбат өнер туындысы болғандықтан (2012 жылы мамырда Sotheby's аукционынан 119,9 млн долларға сатылған), бірінші кезекте көрменің күзет бөліміне үлкен күш түскен. Оның үстіне, суретшінің басқа да туындылары кәсіпқой ұрылардың көзіне жиі түсіп жүр. Мәселен, атышулы тонау 2004 жылы 22 тамызда болған еді. Ол кезде Мунктың Ослодағы мұражайынан оның «Айқай» туындысының өзге бір нұсқасы мен «Мадонна» картинасы қолды болған. Полиция қара жамылған мұражайға Мунктың картинасын тек жылдар өткен соң ғана қайтарып бере алды.
Мунк «Айқай» картинасын 1895 жылы салып бітірген. Суреттің модернизм кезеңінің ең негізгі туындыларының бірі болып саналғаны да жасырын емес. Картинада адам әлденеден шошып, аузын аша екі қолымен басын ұстаған қалыпта бейнеленген. Адам көпірде, қанды-қызыл батыс фонында, ал артында белгісіз жаққа кетіп бара жатқан екі адамның сұлбасы көзге түседі. Ал сурет жиегінде автордың қосымша сюжеттік толықтырулары бар екен: «Менің достарым әрмен қарай кетті, мен алаңдаушылықтан денем дірілдеді, Табиғаттың Үнін сезіндім». Сыншылардың пікірінше, бұл заманның өзгеруінен, жаңалықты қабылдаудан қорқыныш болып есептеледі.
Мунктың 1893 және 1910 жылдар аралығында туған «Айқай» картинасының 4 нұсқасы бар. Оның бірі ғана аты әлі күнге белгісіз жеке коллекционердің қолында бүгінге дейін сақталып келеді. Жоғарыда аталған көрмедегі картина да дәл осы Нью-Йорктағы туынды. Десек те, мамандардың айтуы бойынша, «мұра» нью-йорктық қаржыгер және атақты коллекционер Леон Блэктың қолында деп ойлайды. Бұған дейін картина норвегиялық миллионер Петтер Олсенның мұрағатында болатын.
Ал қалған үш нұсқа норвегиялық мұражайларда сақтаулы.
Ендігі кезекте Эдвард Мунктың «Айқай» картинасы Нью-Йорктағы заманауи өнер мұражайында 2013 жылдың 29 сәуірінде көрмеге қойылады деп жоспарланыпты.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: gazeta.ru
А. Құлтай