- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Мұзтаулар "жылайды"...
Мұзтаулар "жылайды"
Соңғы жарты ғасыр ішіндегі құбылмалы ауа райы бүкіл әлем ғалымдарын тіксіндіріп отыр. Солтүстік және оңтүстік үйектегі алып мұзтаулардың күн санап мүжіліп, ери бастауы бұған бір дәлел. Ал кейбір қар жаумайтын өңірлердегі қар-мұз апаты, суық ағыс секілді қалыпсыз құбылыстар кей ғалымдарды жер бетінің екі үйегі алмасу дәуірін бастады дейтін шешімге әкелгені де шындық. Дегенмен, мұның бәрі тек болжам ғана. Ал шынымен солай бола қалса алда тағы мыңдаған, миллиондаған жылдарды күтуге тура келеді.
Жақында шетел ақпараты Солтүстік Америкадағы желілес алып мұзтаулардың өткен 40 жыл ішінде 50%-ға аласарып кеткенін айтады. Ғалымдар желілес әйдік таулар өзара бірігіп кетуі мүмкін деп ескертеді. Бұл жершары климатының күн сайын жоғарылауына байланысты болып отыр дейді. Өткен 40 жыл ішінде жер бетінің ауа температурасы 0.7°C жоғарылаған. Мұзтаулар осы қарқынмен ерісе Америка құрлығына ауыр қатер төндіруі әбден мүмкін.
Біраз жыл бұрын Солтүстік Америкадағы кейбір алып мұзтаулар жоғалып кеткен.
Дайындаған: Алшын МАТАЙ
Сурет: fyeah-icebergs.tumblr.com
Қ. Қауымбек