Голландықтар мұзды жарып өтетін кеменің үлгісін жариялады. «Титаникті» су түбіне жіберіп, Роза мен Джектің махаббатына кедергі болған мұздықтарды енді алып кемелер бұзып жүзетін болады. Негізінен, ірі кеме апаттары олардың мұздықтарға соқтығысуынан болып жатады. Адамзат баласының осылай бір қатердің алдын алуға мүмкіндігі туды. Олай болса, мұзжарғыш кеменің құрылысымен таныс болыңыздар.
Құрастырушылар кемеге «Sea Xplorer» деген атау берген.
Кемеде түрлі төтенше жағдайдан қорғану үшін барлық жағдай жасалған.
Тіпті, қауіп-қатер төнген кезде тікұшақпен ұшу үшін арнайы тікұшақ айлағы орналастырған.
Үстіңгі палубада тікұшақ айлағымен қатар, мейрамхана бар.
Ішінде фитнес орталығы, спорт зал және тағы басқа түрлі ойын-сауық кешендері бар.
Борт 50 команда мүшесі мен 30 қонаққа – барлығы 80 адамға лайықталған.
Құрметті оқырман, мұндай алып та мықты кемемен Жер шарын шарлап шыққыңыз келе ме?