Лава (отты сұйық зат) және мұз. Суық пен ыстықтың бір-біріне кереғар ұғым екені белгілі. Ал шетелдік мамандар осы екі кереғарлықты бір-бірімен байланыстырып, зерттеуді көздеген. Алғашында, тәжірибе жасау барысында, бұл құбылыстың әсерінен не үлкен жарылыс болады, не мұз бетіне ойық-ойық шұңқыр қалдырады деп есептеген. Алайда, мамандардың болжамы ойлағандай болмаған. Ендеше, сынақ тәжірибесінің қорытындысын мына видеодан бірге тамашалайық.
Сурет: fototelegraf.ru