- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Мұз қонақүй...
Мұз қонақүй
Канадалық "Гляссе" қонақүйі – планетамыздағы ең таңғажайып құрылыстардың бірі. Қар мен мұздан тұрғызылған ғимарат белгілі бір уақыттан соң еріп кететін болғандықтан, жұмысшылар оны жыл сайын өзгертіп тұрады. Мұз қонақүйді көргісі келетін туристер қауымы қаңтар және наурыз айларында ғана аталған кереметтің куәгерлері атана алады. Одан кейін, "сиқыр" көзден ғайып болады.
Биылғы жылғы "жаңа қонақүйге" "Қыстың ортасына саяхат" деген атау берілді. Ғимарат атауы жыл сайын өзгеріп тұрады. Атауға негізгі себепкер болып отырған – Жюля Вернаның атақты "Қыстың ортасына саяхат" атты романы екен.
Бұрынғы кездері қонақүйде 36 бөлме болса, биылғы жылғы қонақүйде 444 бөлме бар.
Қонақүйде барлық жағдайлар жасалған: сәулетті аппартаменттер, жыртқыштардың терісімен безендірілген қабырғалар, мұз мүсіндер т.б. Қонақүйде арнайы бар жұмыс істейді және отбасылық демалысқа арналған түрлі ойын-сауықтар ұйымдастырылған.
Айтпақшы, бұл мекенге тек балалы-шағалы отбасылар ғана емес, жаңадан шаңырақ көтерген жас-жұбайлар да келеді. Тіпті, неке қию рәсімдерін де өткізуге болады.
Суреттер: kulturologia.ru
Дайындаған: Болат Қосмағамбет