Мұз және қар мүсіндерінің фестивалі

Мұз және қар мүсіндерінің фестивалі

Қытайлық Харбин қаласында жыл сайын мұз және қар мүсіндерінің халықаралық фестивалі өткізіліп тұрады. Фестиваль әлемдегі қысқы фестивальдердің ең ірісі саналады және биыл 28-рет ұйымдастырылып отыр.

Атышулы байқауға шетелдерден 800 000-ға жуық адам жиналады екен. Биылғы жылғы бас жүлдені ресейлік топтың «Рамео және Джульетта» атты мұз композициясы жеңіп алды.

Харбин – Қытайдың ең суық қаласы. Бұл жерде сібірдің желі азынап, ауа температурасы минус он бесті көрсетіп тұратындықтан, мұз сайысын өткізуге өте ыңғайлы болып келеді. Қала Ресей мемлекетіне жақын орналасқан. Сондықтан фестивальға қатысушылардың көбі орыстар екен.

Мұз мүсіндерді жасау үшін қала маңындағы Сунгари өзенінен мұздар ойып алынады.

Харбиндік фестивальдің тағы бір ерекшелігі – жас жұбайларға арналған неке қию рәсімінің өткізілетіндігінде жатыр.

Дәл қазір Харбин қаласы қаңтар айында өткізілетін жиырма тоғызыншы фестивальге қызу дайындық үстінде.

Суреттер:liveinternet.ru,beway.ru,designinfomarket.ru,a-movies.net

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева