- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Мүсін тек тастан...
Мүсін тек тастан жасалмайды
Мүсін әлемі бұрындары мәрмәр секілді тастардан тұратын еді. Қазіргі мүсін өнері қолданар бұйымды талғамайды. Бірі темірден түйін түйсе, бірі қоқыстардан мүсін тұрғызады. Соның бірі – Федерико Урибе есімді мүсінші. Ол жыртылған аяқ киімдерден, еден жуатын шүберектерден үй жануарларының мүсінін жасап шығыпты. Ол туындыларына "Үй фермасы" деген ортақ атау берді.
Мысалы, мына сиырдың мүсіні аяқ киімнің табанынан жасалған.
"Балалық шағым Колумбиядағы атам-әжемнің фермасында өткен еді. Бұл – ата-әжеме және балалық шағыма деген сағыныштан туған еңбек. Тіршілігі қайнаған ферманың бейнесін жасаған тәріздімін" дейді мүсінші.
Жоғарыдағы ат пен мына мысық және мына сиыр ағаш қалдықтарынан жасалған.
Ал бұл ит киім қыстырғыштардан жасалған екен.
Мына қодықтың мүсінін жасау үшін қанша шараптың тығыны жұмсалды екен?!
Мына марқаның мүсіні аяқ киімдердің бауынан жасалған десе сенер ме едіңіз?
Бұл тауықтың мүсіні бояу қарындаштарынан жасалған.
Г. Берік