- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Мұражай әрі қонақүй...
Мұражай әрі қонақүй #2
Демала жүріп көне жәдігерлерді тамашалағысы келетін туристер қонақүй-мұражайларға жиі барады екен. Бүгінгі жазбамызға арқау болып отырған да – осы ғимараттар. Тарихты арқалаған мұражай-қонақүйлер аспанмен таласқан, ерекше дизайнмен салынған қонақүйлерді алмастырып келе жатқандай. Олай болса, алғашқы топтамасымен таныс болыңыздар.
V8 Hotel Stuttgart (Штутгарт, Германия)
Германияның Штутгарт қаласындағы V8 Hotel қонақүйі ескі әуежайдағы Motor World көрме орталығының ішінде орналасқан. Ғимарат ар-деко стилінде безендірілген. ХХ ғасырда көлік жарысына қатысқан автокөліктер жинақталған.
Кей көліктер бөлмелердің интерьері үшін қолданылған. Мәселен, кереуеттер Volkswagen, Mercedes және Morris Minor көліктерінің капотынан жасалған. Сонымен қатар, Cadillac, Route 66 көліктерімен ашық аспан астында кино көруге мүмкіндік бар.
Das Tyrol (Вена, Аустрия)
Das Tyrol қонақүйінің қожайыны Хелена Рамсбахер – керемет өнер туындылары топтамасын жинаушы. Оның топтамасының басым көпшілігі осы қонақүйден орын тапқан. Веналық және өзге де шетелдік суретшілердің суреттері жинақталған.
Рамсбахердің коллекциялары Еуропаның көптеген туындыларын жинап үлгерген: Бернард Аммерердің реализмге негізделген суреттері, Лоретта Статстың абстрактылық композициялары, т.б.
Ал мына ескерткішке қарап отырып, не ұға алдыңыз? Бұл – Эльке Хуала есімді мүсіншінің «Вегетарианка» аталатын ирониялық туындысы.
Dolder Grand (Цюрих, Швейцария)
Швейцарияның цюрих қаласында орналасқан Dolder Grand қонақүйінің әр бұрышында бір-бір ескерткіш орнатылған. Ескерткіштер топтамасы қаладағы еңүздік топтама аталып кеткен.
Қонақүйдің өзі де, топтамалар да – Урс Шварценбах есімді қаржыгердің меншігі. Топтама 45 миллион швайцарлық франкке бағамдалады.
Г. Берік