- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Мүмкіндігі шектеулі адамдардың...
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың арманын орындайтын ит
Рикошет атты ретриверді Джуди Фридоно жетектеуші ит ретінде өсіріп, үйреткен. Бірде жағажайда иттің де, көп адамның да өмірін күрт өзгерткен оқиға болды.
Рикошет 15 айлығында қол-аяғы қимылсыз қалған баламен бірге серфке секірді. Содан бері бұл Рикидің жұмысына айналды. Рикошет "алғашқы серфер-ит" атанды.
Рики көптеген адамның арманын орындауға көмектесіп келеді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға экстремалды спорт түрімен айналысуға жәрдемдесіп, рух береді.
Серфингпен айналысатын және адамдарға көмектесетін бірінші ит болып бүкіл әлемге танылған жануар – Life Rolls On қайырымдылық ұйымының өкілі.
Рики су фобиясынан құтылуға көмектеседі. Жақындарын жоғалтқан адамдардың жан ауруын жазады. Мысалы, Ян атты жас балақай әкесімен бірге үнемі серфингпен айналысатын. Бірақ ата-анасы оқыс жағдайға тап болғаннан кейін Ян судан қорқа бастады. Рикидің көмегімен балақай қайтадан тақтайға тұрды.
Рикошет – терапевт, психолог және батыр ит.
Ф. Абилова