- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Мұхиттың арғы жағындағы...
Мұхиттың арғы жағындағы таңғажайып арал
Әлемтану айдары өз оқырмандарын сонау мұхиттың арғы жағындағы Аустралия құрлығына саяхат жасауға шақырады. Бізбен бірге болыңыздар!
Бүгінгі күні Тасмания аралының атын естігенде селт етпейтін турист жоқ десе де болады. Өйткені ешбір жерде қайталанбас табиғат сұлулығы кімді болсын баурап алары хақ. Адам жанын тыныштандырар көкорай шалғын... Ерекше жануарлар әлемі... Көрген көзді күлімдетер суасты патшалығы... Бұлардың бәрі де сізді де қызықтыратындығына сенімдіміз.
Аңыз аралдың тағы бір ерекшелігі: мұнда жер бетіндегі жаңбырлы ормандардың ең соңғысы сақталған. Тасманиядағы 2000-4000 мм ылғалдықта әлі зерттелмеген, ғылымға енбеген небір тірі ағзалар мекендеуде. Қазіргі таңда аралдағы табиғат байлығын қорғау мақсатында Ұлттық саябақ құрылған.
Аралдың түпкі мекендеушілері – аборигендер саналады. Алайда, олар бүгінде жер бетінде қалмаған екен.
Тасманияның климаты да тым ерекше: қыста +17, ал жазда +8 болады. Онда қонақта бола қалсаңыз, қар жамылған джунглидің куәгері бола аласыз.
Аралдың ең көрікті жерлерінің бірі – Крейдл тауы болып табылады. Оның биіктігі 1500 метрді құрайды.
Жаздың ыстық күндерінде де таудың басы ақ қардан жасалған бас киімін тастаған емес.
Суреттер:budgetours.ru,divmir.ru,wetravelto.com
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева