Мұхит құшағындағы қала

Бүгінгі саяхатымыз бағытталатын мекенді өзіңізді біліп отырған боларсыз. Иә, дәл солай! Бүгін сіздермен мұхит құшағында жатқан Мале атты кербез қалаға бірге саяхат жасайтын боламыз.

Мале аралы басқа ешбір аралға ұқсамайтын және туристерге арналған жұмақ мекен. Мұнда ешқандай жағалау да, алпауыт ойын-сауық орталықтары да, қалың өсімідік те жоқ. Бұл арал-қала аспанмен таласқан заманауи зеңгір үйлермен толтырылған. Бір қарағанда, ғимараттарды теңізден өсіп шығып жатыр деген ойға қаласыз.

Жоғарыда аталған қала да Мале деген атты иемденген және Мальдив аралдарының астанасы саналады. Бұл барлық архипелаг (топарал) арасындағы ең көп тұрғыны бар шаһар. Тұрғындар саны 80 мыңнан асып отыр. Есепке демалу үшін келетін туристер кірмейді.

Мале атауы санскрит тіліндегі "Maha" - үлкен немесе ұлы деген сөзден шыққан. Қаланың ұзындығы - 2, ені - 1 шақырым. Жолдармен, ғимараттармен толықтырылғандықтан, мұнда ашық жерлер бола бермейді. Шаһар - өте таза, онда мешіттер, естелік заттар сатылатын дүкендер, шағын кафе-мейрамханалар, базарлар, лабиринттер, саябақтар бар.

Тыныш әрі жайлы болғанымен, мұнда қашанда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатады. Сондықтан, келешекте Маледен әлі де талай-талай көзтартар ғимараттарды көруге болады. Қысқасы, тіршілік қыз-қыз қайнап жатыр.

Виндсерфингке, катамаранда серуендеуге, каноэге, су шаңғысына қызығатын адамдарға барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ тікұшақпен жасалатын экскурсия сізге қайталанбас тәтті сәттерді сыйлайды.

Маледен қалтаңыз көтере алатын арзан қонақ үйлерді оңай тауып алуға болады. Бірақ, түнгі өмір үшін бірер мейрамханалар ғана қызмет көрсетеді. Қалада екі ғана кинотеатр бар. Онда үнді және голливудтық фильмдер көрсетіледі.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/vEGuyFaTIxs","width":"425","height":"350"});

Мале және ондағы тіршілік сізге ұнаған болса, саяхатқа дайындала беріңіз!

Суреттер:liveinternet.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева