- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Мұғалім оқушылардың көзінше...
Мұғалім оқушылардың көзінше атжалманды өлтіріп, жеп қойды
Оңтүстік Кореяда мұғалім оқушылардың көзінше атжалманды өлтіріп, жеп қойды, - деп хабарлайды "Вести.Ru" Korea Times басылымына сілтеме жасап. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
Оқиға Чонып қаласында болды. 44 жастағы оқытушы балалардың атжалманды қорлағанын көріп, "әрқайсымыздың өміріміздің қаншалықты маңызды" екенін көрсеткісі келген. Жеті оқушы осы оқиғаның куәгері болды. Оқытушы оқушылардың көзінше атжалманды өлтіріп, жеп қойды.
Осы оқиғадан кейін мұғалім жұмыстан кетуге мәжбүр болды. Оқушылардың ата-аналары мұғалімнің үстінен арыз жазды. Осыған қарамастан, оқытушы балалар мен олардың ата-аналарынан, әріптестерінен кешірім сұрады. Оған қандай жаза қолданылатыны әзірше белгісіз. Кейбір ата-ана оқытушылардың болған жағдайды жасырғысы келгенін, балалардан ешкімге айтпауын сұрағанын мәлімдеді.
М. Бисембаева