Хамид Сардар-Афхами атты фотограф бар. Бұл кісі Гарвард университетін оқып бітірген ғалым адам. Хамид он жылға жуық Тибетте өмір сүріп, сол аймақтың тұрмыс-тіршілігін зерттеген. Жыл сайын Моңғолияға да экспедициялар ұйымдастырып, ондағы көшпелі халықтың өмірін бақылаған. Сіздерге оның сол экспедицияларында түсірген фотосуреттерін ұсынып отырмыз. Суреттер Хамид Сардардың жеке сайтынан алынды.