Шыңғыс хан бастаған моңғол әскерінің жарты әлемді жаулауына көмегін тигізген ол моңғол жылқысы. Қазіргі уақытта бұл жылқы Моңғолияның шөлді және таулы аудандарында, Қытайдың солтүстігінде, Сібір ормандарында кездеседі. Моңғолиядағы 500 мың көшпенді халық 2 миллионнан артық жылқы асырайды. Олар жылқыны адамға ең жақын жануар деп біледі және қастерлейді. Моңғол жылқысы аласа болғанына қарамастан өте төзімді және ақылды келеді. Осы төзімділіктерінің арқасында моңғолдар бірнеше күндік шөл даладан жануарға 1 тамшы су ішкізбестен оңай өткен. Оның құйрық қылынан моринхура атты музыкалық аспап жасалынады. Тарихи деректерге көз жүгіртсек, бұл тұқым Пржевальский жылқысынан тараған деген болжамдар бар. Прьжевальский жылқысы 10-20-дан топтанып тіршілік ететін жабайы керқұлан. Бұл жануар Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабына енгізілген. Керқұландар ХХ ғасырдың 60-70 жылдарына дейін қазақ даласында тіршілік етті. Сол уақыттан кейін, мүлде кездестірмей кетті. Моңғолияда ат спорты екінші кезекте көңіл бөлінетін негізгі спорт түрінің бірі. Бірінші ретте, моңғолдар күресті дамытуға күш салады. Зерттеушілердің айтуынша, жылқының бұл түрі шамамен б.з.б. 2000 жыл бұрын пайда болған. Моңғол жылқысы оңайлықпен бас бермейтін асау жануар. Оны үйрету кез келген жігіттің қолынан келмейді.