- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Миссуриде күн батареяларынан...
Миссуриде күн батареяларынан жасалған жол пайда болады
Фото:
wordpress.com
Миссури көлік департаменті (Missouri Department of Transportation) ілкі жоба аясында күн панельдерінен жасалған әлемдегі бірінші жолды салу ниетін жариялады.
Алты бұрышты пішінді күн панельдері Route 66 трассасындағы учаскеде бетон мен асфальтты алмастырады. Олар күн энергиясын жинақтап (тұтынып), одан электр энергиясын өндіріп, электр желілерін жабдықтайды.
Жол күн панельдерін мұз бен қарды еріте алатын жылыту бөлшектерімен жабдықтау жоспарланған. Бұл жолдарды күтуге кететін шығынды азайтып, реагенттерді пайдаланудан бас тартуға ықпалдасуы тиіс.
Американдық Миссури штаты Конвейдегі тарихи Historic Route 66 трасса жоғары технологиялық жабын төселген алғашқы жол учаскесі болмақ.
Дереккөз: inform.kz
Е. Жұмабайұлы