Адамдар негізгі бес сезім мүшесіне тәуелді болуға әбден үйреніп қалғаны соншалық кейде олардың жалған ақпарат беретінін байқамайды да: адам миының түрлі бөліктері қоршаған орта жайлы түсінікті қалыптастыратыны белгілі, бірақ көбіне ол дұрыс ой қалыптастыруға қайшы келіп жатады. Мысалы:
Көз де естіртуі мүмкін
Біреудің сөйлеп жатқанын естігеніңізде, бәрі бір қарағанға әдеттегідей болып көрінуі мүмкін: өзге біреудің аузынан шыққан дыбыстарды сіз құлағыңызбен естіп тұрасыз. Алып қарағанда бұған таң қалудың ешқандай себебі жоқ секілді.
Шынында сіздің көзіңіз өзіңізді алдауы мүмкін: көз көруі адамның басты сезім мүшесі болып саналады. Сәйкесінше, кейде дәл сол көздер құлақтарыңыздың нені естіп тұрғанын анықтап жатады.
Мәселен, адам қайта-қайта «бах-бах-бах» сөзін айтады, сосын ол дыбысты «фах-фах-фах»-қа ауыстырады - егер көзге сенер болсақ. Шын мәнісінде дыбыс еш өзгермейді, тек «бейне» ғана өзгеріске ұшыраған яғни дауыс әлі де «бах» деп айтуда, бірақ артикулация біршама өзгергендіктен, сіз автоматты түрде басқа дыбыс ести бастайды. Ал егер көзді жұмса, дыбыс қайтадан «бах»-қа алмасады.
writeFlash({"src":"https://www.youtube-nocookie.com/v/G-lN8vWm3m0?hl=ru_RU&version=3","width":"450","height":"320"});
Мұндай иллюзия МакГерк эффектісі деп аталады. Таң қаларлығы, егер сіз шын мәнісінде қандай дыбыстың шығып тұрғанын білсеңіз де, сіздің құлақтарыңыз бәрібір де көздің «айтқанын» еститін болады.
Рөлде отырғанда адам миы көру аймағынан кейбір объектілерді алып тастайды.
Адам өмірде көптеген оптикалық иллюзияларды кездестіріп жатады, бірақ бұл мидың сезім мүшелерін алдағандығының кішкене ғана бөлігі: ол түнгі уақытта көлік жүргізіп келе жатқанда артқы көрініс айнасындағы шам жарығын елемеуге қабілетті. Мысал ретінде сурет ортасындағы жанып-өшіп тұрған жасыл нүктеге он секунд бойы қараңыз.
Жасыл нүкте айналасындағы сары нүктелерге назар аударыңыз ба? Аудармаған боларсыз. Себебі бірнеше секундтан соң олар ғайып болды: сіз олардың өз орнында тұрғанын білесіз, бірақ сіздің миыңыз оларды көруден бас тартады. Сіз назарыңызды алдағы жолға аударғанда шам жарықтары дәл осылай жоқ болады.
Ғалымдар осы бір ерекше құбылысты «қозғалыс әсерінен туған соқырлық» деп атайды.
Ми айналадағы объектілердің көлемін ауыстырады
Көз объектілердің көлеміне байланысты адамды жиі алдайды: көз жеткізу үшін фотосуреттегі екі қызыл сызыққа қарап, олардың қайсысы ұзынырақ екенін анықтауға тырысыңыз.
Егер сіз оң жақтағы сызық деп жауап берсеңіз, сіз толықтай дерлік қалыпты адам болғаныңыз, бұған қоса қателескен болып шығасыз – егер сызықтарды бір қатарға қойса, олардың бірдей екендігі байқалады.
Шынайы өмірде осындай иллюзияларды көру үшін түнгі аспанға қарау жеткілікті: Ай көкжиектен енді-енді көтеріле бергенде, үлкен болып көрінеді, бірақ келесі бірнеше сағат ішінде ол бірте-бірте кішірейе түседі және түн жарымында мүлдем кішкентай болып көрінеді. Бұл Айдың күтпеген жерден алыстап кеткені білдірмейді – оның үлкен болып көріну себебі, оның алдындағы объектілер яғни ағаштар мен ғимараттар көрініс иллюзиясын тудыруында.
Адам өз аяқ-қолының қайда екені жылдам ұмытып қалады
Егер қолыңыздың жанына резеңкеден жасалған жасанды қол қойып, қайсысы сіздің қолыңыз деп сұраса, ойланбастан жауап беретін шығарсыз, бірақ қатеселуіңіз әбден мүмкін. Егер сіздің шын қолыңыз матамен жабылып тек саусақтарыңызды көріп тұрсаңыз, миды шатыстыру үшін бір уақытта екі қолды да ұстап көрсе жеткілікті: сіз шын қолыңызды көрмейсіз сондықтан автоматты түрде көрініп тұрған жалған қолды өзіңіздікі деп есептейсіз. Егер жасанды қолды балғамен бір ұрса, ешқандай ауыруды сезбесеңіз де селк ете түсесіз – ми сезікті түрде соққыға әрекет етеді.
Айта кетерлік тағы бір жайт, адам миы жасанды қолды шын қол деп есептеген сәтте көзден тасаланған шын қолдың температурасы бірден төмендеп кетеді. Мұның себебі, адам миының сіздің шын қолыңыздың барын физиологиялық деңгейде теріске шығара бастауында.
Аталған құбылыс көздің дене мүшелерінен хабардар болуда басты рөл ойнайтынын көрсетеді: көз аяққа қарамай көлікті жүргізуге немесе пернетақтаға қарамай-ақ әріп теруге мүмкіндік береді.
Басқаша проприоцепция деп аталатын құбылысты ампутациядан кейінгі фантомды ауруларды емдеуге де қолданылады. Нақтырақ айтар болсақ, ми аяқ-қолдардың өз орнында екеніне көз жеткізуі үшін емделушіге өзінің жасанды мүшесін алғашында айна арқылы көрсетеді.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: alatoday.info, ru.gdefon.com