Тасмания аралынан 100 шақырым қашықта жүзіп жүрген Investigator зерттеу кемесі түн шамасында аспан денесінің құлап бара жатқан сәтін видеоға түсіріп алды. Метеоритті көргендер оның ашық жасыл түске боялғанын айтады. Ғалымдардың айтуынша, бұл қалыпты нәрсе. Бірақ оның сыры неде?
ScienceAlert ғылыми журналында жарық көрген Джон Хупердің зерттеу жұмысында метеориттің неліктен жасыл түсті болатыны айтылған. Метеориттер әдетте жасыл реңді болады, тек Жерге жақындаған сәтте отқа оранып, қызғылтсары түске боялады.
Кейбір метеорит болса керісінше Жерге жеткенде жасыл рең алады. Оған атмосферадағы оттегі көптігі әсер етеді. Аспан денесі біздің планетаға құлағанда оның айналасындағы ауаның ыстық болатыны сонша молекулалар құрамын өзгертеді. Соның салдарынан жасыл түсті бөлшектерді бөліп шығарады.
Дегенмен сәл уақыттан соң жасыл метеориттердің өзі қызылтсары түске боялады. Өйткені жоғары жылдамдықпен түскен денелер атмосферада отқа оранады.