Мектепке негізгі пән ретінде "ысқыру сабағы" енгізілді

Мектепке негізгі пән ретінде "ысқыру сабағы" енгізілді

Кариб аралдарының бір мектебінде өліп кетудің аз-ақ алдында тұрған ескі тілді қайта тірілту мақсатында негізгі пәндердің санатына "ысқыру сабағы" кіріп отыр. 

Гомера - Канар аралдарының ішіндегі ең кіп-кішкентай елді-мекен. Ерте кезден бастап бұл жердің жергілікті тұрғындары бір-бірімен ысқыру арқылы сөйлесіп, қарым-қатынас жасап тұрған. Бертін келе елдегі экономикалық дағдарысқа байланысты көпшілігі көшіп, ақырында "сильбо гомеро" тілі ұмыт қала бастапты. 

Жазық дала мен таулы-тасты жерде ысқырық 3 километрге дейін жетіп отырған. Тарихқа оралсақ, 15 ғасырда еуропалықтар ең алғаш Африка жеріне бас сұға бастағанда "ысқыру" тілінің болғанын атап өткен. Кейіндеу, испан тілінің үстемдік алуына байланысты ысқырықтың бастапқы нобайы өзгереді. Испан тілінің өрнек-нақышы айқын бедерленеді. Содан үлкен өзгеріске ұшыраған тіл 1940-50 жылдарға дейін қолданыста болып келген.

1970 жылдары ескі тілдің жоқшысы болып санаулы ғана адам қалған. Одан кейін араға бірталай уақытты салып барып осы бір тілге деген қызығушылық арта бастапты. Нәтижесінде, мектеп бағдарламасына арнаулы пән ретінде енгізіліп, қазіргі таңда жергілікті елді-мекеннің мектептерінде оқытылып жатыр.

сурет:webring.org

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига