- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Мектеп формасы: халат,...
Мектеп формасы: халат, сари және қысқа белдемше
Еуропа елдерінің көбінде оқушылар үшін бірыңғай мектеп формасы жоқ. Тек Ұлыбритания мектептерінде ғана әлі күнге дейін қатаң дресс-код сақталады. Өйткені бірыңғай мектеп формасын кию қаулысы алғаш осы елде қабылданған. Сонымен қатар бұрынғы ағылшын калониялары болған Азия мен Африка елдерінде де форма киеді. Алайда көбі біздің түсінігіміздегі мектеп формаларына сай келе бермейді...
Аустралия
Аустралияның мектеп формасы біраз кең қолпылдақ екенін байқауға болады. Кең пиджак, бос тұратын жемпір, түзу поло-жейде, тік пішімді сарафандар мен тізеден асатын трапецияға ұқсаған белдемшелер – мектеп оқушысының стандартты жиынтығы. Бірақ форманың өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы, ұлдар шалбарды жасөспірім шаққа өткенде, яғни 13-тен асқанда бір-ақ киеді. Сонымен қатар көптеген мектептерде формаға жұқа киізден жасалған қалпақ пен панама кіреді.
Аргентина
Аргентиналықтардың мектеп формасы да ерекше формалардың бірі. Балалар мектепке джинсы, шалбар, белдемше, сарафан, футболка, жалпы не кисе де өздері біледі. Ең бастысы, үстіне медициналық халатқа ұқсас ұзын халат киіуі міндетті.
Ұлыбритания
Ағылшындар формаға міндеттелген киім деп қарамайды, олар форманың түсі мен мектеп белгісінің жапсырмасымен мақтанады. Барлық оқу орындарында форма міндетті болып саналады, сонымен қатар әр оқу орнының формасы ерекше және сәнді болып келеді. Мектеп формасының жиынтығына пиджак, шалбар, белдемше, жейде, жемпір, күртеше мен спорттық киімдерден өзге, тіпті шұлық та кіреді. Екі бөлек мектептің мектеп формасы бірдей болуы мүмкін емес.
Вьетнам
Вьетнамдық қыз оқушыларының мектеп формасы ең биязы. Кейбір мектептерде қарапайым ақ жейде, көк белдемше мен галстук кездеседі, бірақ көбіне қыздар ақ аозай киеді. Екі шетінде тілігі бар ұзын қынама көйлек пен кең шалбардан тұратын бұл костюмді қыздар велосипедті еркін тебе алуы үшін ойлап тапқан.
Үндістан
Үндістанның мектеп формасы әртүрлі. Жеке мектепте де, мемлекеттік мектепте де ұлдар ұзын шалбар немесе шорты және кең жейде киеді. Кейде оларға пиджактар, галстуктар мен бас киім – тюрбан қосылады. Ал қыздардың таңдауы кең. Бір мектептерде біртүсті сари форма болып саналады, басқаларында – қолпылдақ жейде мен шароварлар, ал үшіншісінде – ұзын көйлектер мен сарафандар, төртіншісінде – біртүсті қысқа жеңді блузка мен белдемше. Түсі мен үлгілері әртүрлі бола алады.
Иран
Бұл елде мектеп формасы дәстүрлі мұсылман киімінің өзіндік түсіндірмесі. Міндетті атрибут – орамал. Қыздар оны 12 жастан бастап тағады, ал кейін – орамал хиджабқа ауысады. Қатаң формаға қарамастан, киімдер түрлі-түсті бола алады.
Малайзия
Малайзияның мемлекеттік мектептерінде ұл балалар қарапайым ақ жейде, көк, жасыл немесе ақ шалбар мен шорты киім, кейде галстук тақса, қыздардың сәніне ерекше көңіл бөлген. Олар сарғыш, көк немесе ашық көк түсті сарафандарды ақ жейденің сыртынан киеді. Бұл елде аяқ киімге де ұстамдылық орнатылған: тек ақ туфли және сандалий және тек ақ шұлықпен кию қажет.
Мьянма
Мьянмада қыздар үшін де, ұлдар үшін де мектеп формасы тек екі түстен тұрады – үсті ақ және асты жасыл. Оқушылардың киімі – дресс-кодтан бұрын ұлттық киімге ұқсайды. Қыздар қаусырмалы ұзын белдемше – тхамэйн киеді, ал ұлдар лонджи – белдемше сияқты белден оралатын матаның кесіндісі немесе қысқа кең шалбар.
Филиппиндер
Филиппиндік оқушы қыздар формасының ерекшелік белгісі – бұл тізеден төмен түсетін кең тор белдемше. Әр мектеп өзіндік түс гаммасын таңдайды. Белдемше қышқыл сары, жасыл, көк және қызыл бола алады. Кейбір мектептерде қыздар белдемшеге сай біртүсті жейде мен галстук тақпай, өрнектелген футболка да кие алады.
Шри-Ланка
Аргентина сияқты, Шри-Ланкада да ақ түскен екпін қойған. Қыздар мектеп гардеробында бір қошқыл бұйым – ол галстук. Ұлдардың біраз жолы болды: кейбір мектептерде ақ шалбардың орнына қошқыл көк шалбар киеді.
Жапония
Көркем жауынгер Сейлор Мунның бейнесі қарапайым жапон оқушысының гардеробынан алынған. Бүрмелі белдемше мен матростардың гюйсіне ұқсас жолақты үшбұрыш жаға, галстук немесе бант жапон оқушыларының басты элементі. Бүгінде белдемшелерінің ұзындықтары әртүрлі. Бұған қоса ұзын ақ шұлық немесе гольфи міндетті атрибут болып саналады. Сонымен қатар дәл сол сэйлор-фуку жейдесін де кие алады.
Сурет: wday.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina