- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Мексикадан ХIV ғасырдағы...
Мексикадан ХIV ғасырдағы үндіс моншасы табылды
Мексика Ұлттық Антропология және Тарих Институтының (INAH) ғалымдары Мексикадан монша мен испан шабуылына дейін байырғы үндістер өмірінің басқа археологиялық дәлелдерін тапты.
“Бұл испан отарлаушыларына дейін Мексиканың байырғы тұрғындары монша қолданғанын білдіреді”, - дейді зерттеушілер.
ХIV ғасырда ацтектер империясының болашақ астанасы Теночтитлан қаласы қазіргі Мексиканың орнында өркендеген. Зерттеушілердің пайымдауынша, бұл зерттеу Теночтитлан азаматтары үшін көптеген ғибадат және маңызды мәдени орындары болған Темазкалтитлан аймағы дәл осы жерде болғанын растап отыр.
Бұған дейін Темазкалтитландағы мұндай моншалардың болуы ежелгі жазбаларда айтылған, жаңа археологиялық қазбалар оны растады. Ғалымдардың пікірінше, бу темаскаль (“ыстық тастар үйі” дегенді білдіреді) жергілікті тілде “науатль” деп аталады. Бұл моншалар ХIV ғасырда салынған. Кесене Мексикадағы Ла-Мерсед, Талавер көшесінің астынан табылған. Монша емдік және рухани мақсаттар үшін қолданылған: археологтар күмбезді қасиетті рәсімдер өткізетін орын деп санайды, бұл жер әртүрлі тазару рәсімдерін, тіпті жүкті әйелдердің босануына арналған болуы мүмкін деп болжайды.
Зерттеушілер оның жұмыс істеу принципін келесідей сипаттайды: табиғи ыстық бұлақ ағып жатқан темаскаль жуынатын шағын хауыз және орындықтармен жабдықталған. Ғимарат сабан кірпішінен жасалған және Тезонтль деп аталатын жанартау жыныстарымен қапталған. Моншаның ұзындығы шамамен бес метр (16,5 фут), ені үш метр (9,8 фут).
Жергілікті халық мұнда әйел құдайларына табынған. Археолог Виктор Эсперон қасиетті құдайлардың қатарына тазарту және су құдайлары да кіруі мүмкін дейді. Бір қызығы, темазкалтитландықтар испандарға дейін агавалар мен басқа шөптерден дайындалатын спиртті ішімдік – пулкке байланысты құдайларға табынған. Оны дайындау процесі әрдайым көптеген діни рәсімдермен байланысты болғандығы белгілі.
Атақты ғалым Эрнандо Альварадо Тесосомок (1520-1609) Crónica Mexicáyotl (“Мексика жылнамасы”) жазбасында Теночтитландағы Кецалмояахаци есімді ақсүйек үнді қызының рухани тазаруы үшін арнайы темаскаль салынғаны айтылады. Ғалымдар “Жаңа археологиялық жәдігерлер Темазкалтитланның рухани және мәдени маңыздылығы мен оның салт-дәстүрлерін жақсы түсінуге көмектеседі” дейді.
Т. Раушанұлы