Мексикадағы жер асты “махаббат жағалауы”

Мексикадағы жер асты “махаббат жағалауы”

Орман, тоғайдың қолтығында жатқан “Playa del Amor” (“Махаббат жағалауы”) жер асты демалыс орталығы cізді шақырады.

Аталған жағалаудың ашылу тарихы да қызық. Демалуға келген бір топ адамның бірі кездейсоқ астыртын жұмбақтың куәсі болған. Жағалауды ең бірінші ашқан адам есепті тарихта аты қалыпты.  

Мексикадағы Мариетта аралдарының бір қырында жасырын жатқан жағалау әлемнің бір жұмбағын ашқысы келген адамдарға "Қош келдіңіз!" дейді.

Мариетта аралдарындағы топаралдар (архипелаг) бұдан бірнеше ғасыр бұрын жанартау белсенділігі арқасында түзілген. XX ғасырдың бас кезінде Мексика үкіметі елсіз жатқан аралда соғыс қаруларын сынауды жүргізеді. Кейіндеу барып қана, араға біршама уақытты салып барып, ұлттық саябақ есебінде қайта қалыпқа келіп, мемлекет тарапынан өндіріс пен балық аулауға түпкілікті тыйым салыныпты.

Аталған аралдар әлі күнге дейін елсіз жатыр. Мұнда саяхатшыларды тек мемлекеттік компаниялар ғана әкеле алады. (Әкелу құқығына ие.) Толып жатқан сол бір компаниялар "Playa del Amor" жағалауының сыртқы сұлулығына өздері де әр жолы тамсанып қайтады екен.

Және бір айта кетерлігі, "Playa del Amor" жағалауына мұхиттың сыр айналма жолы арқылы 2,5 метрлік жер асты жолымен қатынай аласыз.

Бақытқа орай, мүжілген, кетілген жартастардың арқасында жағалауға қайықпен қатынауға мүмкіндік бар. Саяхатшылар осы бір жердегі оңашалық пен қайталанбас тұтастық үшін барып демалуды жөн көреді. Әрі бұл жердің суы салқын.

Сурет:megatorrents.org

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига