Мескальтитан - 2000 тұрғыны бар көрікті қала. Сонымен қатар, археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде Мескальтитанның ежелгі Ацтлана қаласының үстінде орналасқандығы анықталды. Дәл осы ежелгі қаладан 1091 жылы өздерін "мешика" деп атайтын ацтек тайпалары Мехико алқаптарының оңтүстігіне аттанған еді. Сондықтан бұл аралды көрікті қала деп қана қоймай, тарихқа бай арал деуге де болады.
Мескальтитан науатль тілінде "мескальге (ішімдік түрі) мол арал" дегенді білдіреді. Бір қызығы аралдың диаметрі 400 метр ғана.
Жыл сайын маусым айының 28, 29 жұлдызында қалада әулие Петр мен Павелдің құрметіне арналған орасан зор карнавал ұйымдастырылады. Мейрам күндері арал мен таяудағы ауыл тұрғындары бабаларының салтын жалғастыру мақсатында ягуар терісінен жасалған киімдерді киіп, қауырсындармен шаштарын сәндейді.
Толық аты Мескальтитан-де-Урибе деп аталатын бұл Мексиканың Наярит штаты Мексиканың тынық мұхит жағалауында орналасқан шағын қала. Дәл осы жерде ацтек өркениетінің негізі қаланды делінеді.
Сурет: tourister.ru