Аустралиялық фотограф Тим Самуэль су астына саяхат жасап жүріп, табиғаттың бір ерекше көрінісін суретке түсіріп алған екен.
«Мен медузаның ішінде қалып қойған балықты таптым! Ол медузаның ішінде, тірі, тіпті медузаның қай бағытқа қозғалатынын қадағалап отырды!», - деп жазған екен аустралиялық фотограф инстаграмдағы парақшасына.
Оның табиғат ерекшеліктерін суретке түсіріп келе жатқанына бес жыл болған. Ал мұндай жаңалыққа бірінші рет кезігіп тұр екен. Жалғыз ол емес, әлем тұрғындары да таңғалуда.