Майда-шүйденің де көмегі бар

Майда-шүйденің де көмегі бар

Адамдар төтенше жағдай кезінде қандай заттардың маңызы ерекше деген сұраққа «Су, тамақ, қару» деп қана жауап береді. Сонымен қатар, басқа да майда-шүйде заттарды айта бастайды. Оның ішінде қуаттағыш (батарейка), шам, медициналық қобдиша да бар. Бірақ біз үнемі осы заттарды апат болып қалады деген қауіппен өзімізбен бірге алып жүре бермейміз ғой? Апат айтып келмейді. Мұндай кезде қолда бар дүниелермен жоқтан бар жасауға болады. Мына қарапайым заттармен кейде өлімнен де аман қалуға болады.

Ерін гармоникасы


Түрлі апаттық жағдайлар кезінде жарықтың сөніп қалуы әбден мүмкін. Генератормен жұмыс жасайтын радиостанцияның жұмысы да ондайда ұзаққа созылмайды. Қуаты таусылған музыкалық плеер де істен шығып қалады. Бірақ мұндай апатты жағдайда бізге музыка ауадай қажет болады. Өйткені музыканың адамға берері көп. Әсіресе осындай қорқынышты жағдайларда! Адам стресс кезінде музыка тыңдаса жүйкесі сәл болса да тыныштылып, өз қалпына қайта келеді. Осы кезде ешқандай қуатты да, ешқандай электр энергиясын да қажет етпейтін ерінмен ойнайтын гармониканың маңызы зор. Онымен әуен ойнап, өзіңді-өзің баса тұрасың.

Ас содасы


Ас содасы тек ауырғанда емес, сонымен қатар, өрт кезінде де көмектесе алады. Егер өз иелігіңіздегі жерден кішігірім төтенше жағдай байқасаңыз, өрт сөндіру қызметін шақырмауға да болады. Мұндайда суға ас содасын салу арқылы өртті оңай өшіруге болады. Бұл суды үнемдеудің таптырмас әдісі. Ас содасы қосылған сумен тамақ жасау кезінде шыққан даладағы өртті де оңай өшіруге болады.

Шағын айна және ысқырғыш


Төтенше жағдайлар кезінде шағын айна шамның қызметін де атқара алады. Жарық кезде де, түнгі уақытта да көмектеседі. Сонымен қатар, онымен діңшені де жағуға болады. Егер сіз алыстан белгі беретін оттар мен дыбыстық сигналдардың тиімділігіне аса сенбесеңіз, қалтаңыздан үнемі ысқырғышты тастамаңыз. Апатты күтпеген жағдайларда оның керегі болмайды деп көріңіз.

Сірке суы


Сірке суы – бактериялар мен вирустардың көзін жоюға арналған әмбебап дүние. Ол күюді және қабынуды емдейді. Сонымен қатар, сірке суын жуғыш құрал ретінде заттарды залалсыздандырып, зиянды заттарадан тазартып алуға да болады. Қауіпті хайуандарды сескендіру үшін де оның иісін пайдалануға болады. Немесе өзіңіздің үстіңіздегі иістен құтылу үшін де сірке суының пайдасы жоқ емес. Сірке суы тамақты және басқа тамаққа қажет заттарды түрлі паразиттерден қорғайды. Сірке суы асқазаныңызға емдік қасиетімен көмектесе алады.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: ua.all.biz, facte.ru

А. Әбілхан