Матика Уилбур (Matika Wilbur) есімді фотограф Американың нағыз тұрғындарының барлығын да суретке түсіріп шығуды өзіне мақсат тұтқан.
Америкалық үндіс қыздың түсіне әжесі еніп, "еліңді суретке түсіріп, тарихта қалдыратын кез туды" деп аян берген екен. Американың нағыз тұрғындарының саны 562 болыпты. Осыған байланысты фотограф өзінің жобасын Project 562 деп атаған. Бірақ бүгінге дейін нағыз америкалықтардың саны 566-ға жетіп үлгерген екен.
Үнді деп қате аталып кеткен ұлттың өкілі ретінде Матика Аляскадан Гавай аралдарына дейінгі штаттардың барлығын аралап, жергілікті тұрғындарды суретке түсіреді екен. Автордың ата-тегі суйномише және тулалип тайпаларынан шыққан. Оның өзгелерден бір айырмашылығы үндістерді мистикалық сипатта, дамымай қалған тайпа өкілдері сияқты емес, 21 ғасырдың заманауи адамдары етіп бейнелейтіндігінде. Сөйтіп, ғасырлар бойы үндістер туралы қалыптасқан стереотипті бұзу негізгі мақсаты екен.
«Жобамды аяқтаған соң нағыз америкалықтар туралы ой өзгеріп, олар өз жерінде тұрып жатқандықтарын сезінетін болады», – дейді Матика.
Апачтар тайпасының бишісі
Бетан, Кроу тайпасынан
Джейн Блэкмен, Пала тайпасынан
Джон Аана, Кауа тайпасынан
Мартин Сенсеймер, Тлингиттер және Коюкондық Атабастар тайпасынан
Марва Скотт, Талоу тайпасынан
Мэри Эвелин, Ислет тайпасынан
Раймонд Мэтц, Юроктар тайпасынан
Роберт және Фанни Митчеллдер, Дине тайпасынан
Сейдж Ромеро, Пайуте тайпасынан
Татанка Минс, Навахо тайпасынан
Матика Уилбурдың онлайн-альбомын және басқа да туындыларын оның жеке сайтынан көріп шыға аласыз: www.matikawilbur.com
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: matikawilbur.com