Мәскеу - екі жарты әлемнің төсінде бұлқынып жатқан алып шаһар. Екінің бірі барғысы келетін тарихи қала. Жеті күнде жетпіс жылға жетер бақыт сыйлайтын мәдени орын.
Әлемнің кез келген көрікті саналатын һәм артық тұратын қалаларының бәрінің де өз бойтұмары іспетті құтты орындары бар: әдемі саябақ, тулаған теңіз, әлде мүлде бөлек стильде салынған сауда орталықтары. Ғұмыр жасы үлкен қалалардың ұзын-басы көп естеліктерге, өткен күндердің қайта оралмас уақыт-базарына оралтары анық.
Мәскеуге барған адамның ең бірінші көзіне түсетін - Кремль. Одан арғысын "Қызыл алаң", "Василий Блажен" атындағы үлкен шіркеу, "Құтқарушы Христаның" ғибадатханасы деп айтып, ұзыннан-ұзақ сөз қылып кете беруге болады.
Бүкіл әлем білетін "Третьяковский" мұражайы да адамды арбап, өзіне белгісіз тартылыс күшімен тартып тұрады. Бекер де емес! Себебі, "Ленин" атындағы мұражай, Кремльдің "Алмаз" фонды, Кремль мұнарасы бір көргеннен-ақ, барлығы бір келісімге келіп алғандай адам көңілін ынтықтырудан танбайды.
Суреттер: uh.ru