Антарктиданың Кинг-Джордж аралынан маса табылды. Мұны Ресейдің "Беллинсгаузен" станциясының қызметкерлері хабарлады.
Ресей антарктикалық зерттеу тобының айтуынша, бұл аралға келетін туристердің саны көп. Масаның келуіне де адам себеп болған.
"Маса адамдармен бірге келген болуы мүмкін. Оның үстіне, бұл арал масаның тіршілік етуіне өте ыңғайлы: бұлақ, өзен ағып жатыр, жазда ауа температурасы +3, ал қыста -5 градус. Климаты жұмсақ", - дейді зерттеу тобы жетекшісі Александр Клепиков.
Ғалымдар Антарктидадан бұрын маса көрген емес. Қазір зерттеу тобы мен антарктиданы зерттеу бағдарламасының өзге де өкілдері (Кинг-Джордж аралында жеті елдің зерттеу тобы бар) масаны зерттеуге кіріскен. Қазір масаға тұзақ құруда.
Ал Беллинсгаузен станциясында маса қаптап кеткендіктен, дезинфекция жасалып жатыр.