- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- «Мәңгілік қыс»: әлемдегі...
«Мәңгілік қыс»: әлемдегі ең суық 5 жер
Жер бетіндегі төрт мезгілдің алма-кезек ауысуы – заңды құбылыс. Дегенмен бұл құбылыс кей жерлерде қайталана бермеуі де мүмкін. Осының алдында әлемдегі мәңгілік жаз орнаған елдер жайында ақпарат беріп едік. Енді ең суық немесе «мәңгілік қыс» атанған елді мекендермен таныс болыңыздар.
5. Денали, АҚШ
Солтүстік Америкадағы қарлы шың. Биіктігі – 6194 м. Ең биік төбесі әлемдегі ең суық жер болып саналады. Ауа температурасы қыста -40 градус.
4. Оймякон
Солтүстік жарты шардағы ең суық жер. Якутиялықтар мекендейтін елді мекендегі қалыпты суықтың деңгейі -45 градус. 1926 жылы қаңтар айында рекордтық көрсеткіш тіркеліп, мұндағы суық -72,2 градусқа жетті.
3. «Норсайс» бекеті
Батыс жарты шардағы «Норсайс» зерттеу бекеті – ең суық мекен. Гренландияға тән бұл жердің ауа температуасы -66 градус.
2. Снэг қаласы
Ақ боран қардан көз ашпайтын Аляскада орналасқан Снэг қаласы да ең суық жерлердің қатарына кіреді. Солтүстік Америкада орналасқан қаланың ауа температурасы -63 градус. Айта кету керек, бұл жердегі суықтың ауадағы бір ерекшелігі тыныс алған деміңіз ауада он бес минут көлемінде қалып қояды.
1. «Шығыс» станциясы
Бұл Антарктидада орналасқан. Әлемдегі «мәңгі қыс» символына айналған құрлықтағы бұл жердің суығы өз алдына бөлек әңгіме. Ең төменгі температура 1983 жылы 21 шілде айында тіркелген: -89,2 градус.