Сән әлемінде бұта кесу және оны пішіндеу ерекше бір маңызға ие. Үй иесі ретінде иелігіңіздегі бақшаларға өзгешелік енгізіңіз.
Үй аулаңыздағы бақша мен гүлзарды қалай сәндейсіз? Қабат-қабат торт пішінінде қалдыра саласыз ба? Осы жылы ерекше бір пішінде жасап көруіңізге болады ғой. Невропатолог дәрігердің үй ауласын назарларыңызға ұсына кетсек дейміз. Ерекшелік пен өзгешелік орнасын. Және пішіндеу сәнінің қай ғасырда туғанын біліп алыңыз.
Мына бір ең ерекше, керемет үйге назар аударыңыз. Онда өмір сүріп жатқан невропатолог сұлулықты сүйетін жан ретінде мәңгі жасыл бұталардан бас сүйек пен қол түріндегі бет-бедерлерді дүниеге келтірген. Ол ерте кезден өз бақшасын ерекше пішіндермен (фигуралармен) сәндеуді әдетке айналдырған жан. Енді міне шырмауық түрдегі пішіндердің орнына үлкен бас сүйек пен жоғары өрмелеген қолдарды түзіп шығыпты.
Өзгеше мінез-болмыстағы үй иесі ешқашан үйіндегі гүлзары мен бақшасының бір тәртіпте болғанын қаламайды. Қалап көрмеген. Керісінше, әруақытта ерекше әрі өзгеше бір нәрсені тілеп отырады екен. Бұрындары өз бақшасында ол әртүрлі жануарлардың пішіндерін келтіріп тұратын. Және әр жолы көршілері бақшасына ұрланып кіретін-ді.
Бұтақтарды пішінге салып кесу өнерін египеттіктер ойлап тапқан. Біздің ғасырымызға дейінгі төртінші ғасырда-ақ олар өз бақшалары мен гүлзарларын пішіндеумен болған. Сосын бұл сәнді римдіктер қабылдап, олар да өздеріне мәңгі жасыл бұтақтардан ықшамды әрі пішінді қақпа, бақшаларды тұрғызған. Алғашқы "тірі" қақпалар біздің заманымызға дейін 100 жылдықта рим императоры Августың билігі тұсында болыпты.
Орта ғасырда пішіндеу өнері Еуропада сәнге айналып, бұталарды үйлену торты пішінінде қабат-қабат қылып кесу әдетке айнала бастаған. Ұлыбританияда Тюдор династиясының басқаруы тұсында елік пен ит, адам, қайықтардың кескіндері танымал болған деседі.
Жаңа заманда бұталарды пішіндеп кесу қайта сәнге айналып келеді. Тек, әлгі пішіндеу замана лебімен өзгеше әрі жаңа нақышта орындалуда. Енді олар өсімдік пен тал-шіліктердің нешебір қосындысынан түзіледі. Олардың құрметіне әр жылы әртүрлі мерекелер мен мейрамдар өткізіліп, онда ландшавтық дизайнерлер ең ерекше дарындарын ортаға салуға тырысады.
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Сурет: fishki.net