"Мәңгілік көпір" (The Immortal Bridge) - табиғи жағдайда пайда болған құрылыс нысаны. Ол адамның ешқандай көмегінсіз өздігінен қалыптасқан. Көпір Қытай елінің Тайшань тау жартасында орналасқан. Мәңгілік көпір таудан құлаған алып тас жиынтығынан құралған.
Көпір сырт көзге сенімсіз әрі сұрықсыз көрінеді, бірақ шын мәнінде оның осы қалыпта тұрғанына мың жылдан астам уақыт болған. Сол себепті де, табиғат ананың жаратылысымен пайда болған құрылыс беріктігімен, табиғилығымен құнды. Көпірдің нақты қалыптасқан уақыты белгісіз. Мамандардың сөзіне сенсек, көпір мұз дәурінен бері бар көрінеді. Ал бұл дегеніңіз кемінде жүз мыңдаған жыл бұрын пайда болды деген сөз.
Қытай халқында мәңгілік көпір жайлы сан түрлі аңыз-әңгіме бар. Мысалы, Қытай аңызында кімде-кім мәңгілік көпірден аман өтсе, сол адам мәңгі бақи өмір сүреді деген сенім бар.
Оқи отырыңыз:
Пенитентес дегеніміз не?
Мұрыны арқылы әлемдік рекорд орнатқан үнді жігіті
Катардағы қолдан жасалған арал туралы білесіздер ме?
Жапониядағы "Қысқы шырағдан фестивалі" туралы білесіз бе?
Сурет: en.wikipedia.org