Малайзия елінің батыс өңірінің тұрғыны өз үйінде айдаһарды атып түсіріпті. Үй иесі екінші қабатта ұйықтап жатқан кезде төменгі қабаттан қорқынышты дауыс естіледі. Ұйқысынан ояна салып, төменге түсе берген бағбан қорқынышты жануарды көріп қалады.
Жануардың екі мүйізі бар, өзі алып кесірткеге ұқсайды екен. Қоян асырайтын малайлықтың айтуынша, жануар оның қояндарын жеп жатқан.
Бұдан кейін жігіт тапаншасын алып, айдаһарға ұқсас жануарды сегіз рет атады. Жануардың өлгеніне көз жеткізген үй иесі маңына жақындап барып, өзінің нағыз айдаһарды атып өлтіргенін көреді.
Үй иесі beforeitsnews.com сайтына «Мен бұл жануардың нағыз айдаһар болып шығатынына сене алмадым, ал көзім жеткен соң қатты таңғалдым» деп сұқбат беріпті.
Қытай салтында егер айдаһар үйге кіріп келсе, ол өзімен бірге бақыт алып келеді деген ырым бар. Ал қазіргі таңда айдаһардың мүйізі миллиондаған долларға бағаланады екен.
Десе де малайлық тұрғын айдаһарды сатқысы келмейтінін, мұражайға экспонат ретінде қоюды ұйғарғанын айтыпты.
Толығырақ ақпаратты мұнда оқи аласыз.
Оқи отырыңыз:
Менің Малайзиядағы күндерім
Петронас мұралары
Вьетнамда "Айдаһар" көпірі ашылды
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: alvogenors.ru