Жердің Солтүстік магниттік полюсінің жылдамдығы соңғы онжылдықта бірнеше рет үдеген. Оны АҚШ-тың Қоршаған орта жөніндегі ұлттық институты ғалымдары анықтады.
Сарапшылар магниттік полюсті бес жылда бір рет жаңартатын World Magnetic Model жобасының жаңа деректерін жариялады. Кезекті мәліметтер 2020 жылы жария етілу керек болатын. Бірақ магниттік полюстің жылжуы үдегеніне байланысты жаңа өзгерістерді мерзімінен бұрын жариялауға тура келген.
Жаңа хабарламада, магниттік полюс Канаданың Антарктида секторынан Сібірге қарай жылжып жатқандығы айтылған.
Магниттік полюс ХХ ғасырда Канада архипелагында болған, Солтүстік географик полюске қарай жылына 10 шақырым жылжыған. 1990 жылдардың соңында мамандар магниттік полюстің айтарлықтай үдегенін сезген. 2001 жылы ол жылына 40 шақырым, 2007 жылы 50 шақырым, қазір жылына 55 шақырым жылжып жатыр.
Болжамдарға қарағанда, магниттік полюстің кенеттен үдеуі Жер шарының ядросындағы белсенділікке байланысты.
Магниттік полюстің жылжуы осылай жалғасса ғаламшарымызда бүкіл навигацияға қатер төндіреді. Жүйедегі ақаулар, дұрыс істемеген құрылғылардың себебінен ұшақтар мен кемелер апатқа ұшырауы мүмкін. Ғалымдар магниттік полюстің жылжуы болашақта Жер шарына қалай әсер ететініне алаңдаулы. Болжамдарға қарағанда, миллиондаған жылдар бұрын магниттік полюстің жылжуы Жер шарындағы динозаврлар қырылып кеткен апаттың келіп шығуына себеп болған.