- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Люксембург туралы қызықты...
Люксембург туралы қызықты мәліметтер
Люксембургтің ресми атауы- «Ұлы Люксембург Герцогтігі»
Люксембургтің ресми атауы- «Ұлы Люксембург Герцогтігі»
Люксембург - тек қана Еуропадағы емес, бүкіл әлемдегі ең кішкентай мемлекеттердің бірі. Оның жер көлемі - бар болғаны 2600 шаршы шақырым.
Люксембургтің халық саны - 500.000 жуық адам ғана.
Люксембург бизнес жүргізу эффектілігінен Еуроодақта тек Финляндия мен Данияға ғана жол береді.
Елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы - еркектерде 77.6 жыл, ал әйелдерде - 82.7 жыл. Бұл - әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі.
Люксембург әлі күнге дейін жан басына шаққандағы ЖІӨ жөнінен әлемдегі бірінші орынын сақтап келеді. Бұл Еуропадағы көрсеткіштен 3 есе жоғары!
Люксембург Герцогтігі мемлекет ретінде XIV ғасырда қалыптасты, алайда, ел шекарасы тек 1839 жылы Лондон келісімінде белгіленді.
1886 жылы Люксембургте атақты саясаткер, француз сыртқы істер министрі Роберт Шуман дүниеге келді. Ол Еуропадағы алғаш көмір және болат бірлестігін құрды.
Автокөлік және теміржолдың өте тығыз орналасқанына қарамастан, Люксембургтің үштен бір бөлігін орман алып жатыр.
Елдің сауаттылық деңгейі 100 %, білім беру сапасы әлемдегі алдыңғы орындардың бірінде.
19 ғасырда Ваинден қаласында әйгілі француз жазушысы Виктор Гюго тұрған. Жазушы тұрған үй 1871 жылы мұражайға айналдырылған. Қазіргі таңда үй-мұражай нидерланд және неміс туристерінің көп жиналатын орындарының бірі.
Маңызды тарихи көрікті жерлерінің өте көп болуының арқасында, ел астанасы Люксембург түгелімен ЮНЕСКО-ның қорғауына алынған.
Люксембург - Еуроодақ, НАТО, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Бенилюкс сияқты беделді халықаралық ұйымдардың негізін қалаушы мемлекеттердің бірі.
2002 жылы елдің ресми валютасы люксембург франкынан евроға ауысты.
Жазушы тұрған үй 1871 жылы мұражайға айналдырылған.
Сурет: eurogroupe.ru
Ж. Исакаев