- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Лондон төріндегі су...
Лондон төріндегі су қылмайтын жауын (видео)
Британдық Random International студиясы өз жобалары аясында адамның мінез-құлқы мен интерактивтіліктің жаңа түзілімдерін зерттеуде. Осы жолы дизайнерлер "Жаңбырлы бөлме" атты өзгеше үлгідегі композициясымен таңқалдырып отыр.
Аумағы жүз шаршы метр бөлмеде толассыз жауын жауып тұрады. Бөлме ішін аралауға, үздіксіз жауған жауынның барлық кереметін сезінуге болады және... Құрғақ, су болмай шықпақсыз.
Лондон төріндегі Curve павильоны. "Ылғалды" бөлікке адамның аяғы тиген сәтте көзге көрінбейтін сенсорлар тамшылардың дәл үстінен түсуін тоқтатады.
Көрермендер инсталляцияның бір бөлігіне айналып, жаңбырлы бөлмеде қыдырыстап, қолдарын жайып, айналып және ауа райын адамға бақылатудағы құдіреттілік жайлы ой кешеді.
Жаңбырлы бөлме 2013 жылдың 3 наурызына дейін жұмыс жасайды екен. Кімнің барғысы келеді?
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
сурет: blog.i.ua; gorpom.ru; eva.ru; subscribe.ru
Л. Лига