Лимон фестивалі

Лимон фестивалі

16 ақпан 6 наурыз аралығында Ментонеде -  Францияның шығыс бөлігінде - лимон фестивалі өтеді. 

Цитрус жемістерімен кез келген нәрсені әшекейлейді - ескерткіштерді, сауда шатырларын, үйлерді, көшелерді. Оркестерлер, акробаттар, маска киген адамдардың барлығы сары костюмдерге киінеді. 

Үш жексенбі қатарынан Пременад-дю-Солей жағасында лимон және апельсиндерден жасалған алып мүсіндермен әшекейленген екі аяқты күйме арбалардың парады өтеді. 

Еуропа сарайында "Лимон салоны" ашылады. Салонда цитрус жемістерінен жасауға болатын барлық нәрселердің дәмін татуға болады: бал, джем, ликер және тағы басқа. 

Ал жергілікті бақшылар Карноле сарайындағы цитрус бақшасында экскурсия өткізеді. 

Ал бұл жылы мейрам тақырыбы - "80 күн ішінде жерді айналу" болмақ.

Аталған фестивалді өткізу үшін ұйымдастырушыларға 145 тонна цитрус жемістері қажет болған. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: rambler.ru

Ж. FM