♣ Лихтенштейн - неміс тілінде сөйлейтін әлемдегі ең кішкентай мемлекет. Сонымен қатар, Германиямен ортақ шекарасы жоқ неміс тілінде сөйлейтін жалғыз мемлекет.
♣ 31.12.2012 жылғы санақ бойынша халық саны 36 838 адамды құрады. Орташа өмір сүру ұзақтығы: ер адамдар - 74 жас, әйелдер - 81 жас.
♣ Жер көлемінің кішкентайлығына қарамастан, Лихтенштейн өнеркәсібі өте жоғары дамыған мемлекет. Жан басына шаққандағы ЖІӨ жөнінен әлемдегі жоғары орындардың бірінде.
♣ Мемлекет территориясының көп бөлігін таулар алып жатқандықтан, Лихтенштейнде тау шаңғысы туризмі жақсы дамыған.
♣ Қазіргі кезде Лихтенштейн 11 муниципалитетке бөлінген конституциялы монархия басқаруында.
♣ Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде Лихтенштейн бейтараптық танытады, алайда экономикалық шеңберде Швейцарияға тәуелді болып қалады.
♣ Бірінші керамикалық зауыт Лихтенштейнде тек 1836 жылы ғана ашылды.
♣ Лихтенштейннің ең үлкен қаласы - Шаан, ал астанасы – Вадуц қаласы.
♣ Вадуц қаласында 2009 жылғы санақ бойынша 5100 адам тұрып жатыр. Олардың басым көпшілігі - католиктер.
♣ Лихтенштейнде таңғы ас Zmorga, түскі ас Zmittag, ал жеңіл кешкі ас Znacht деп аталады.
♣ Лихтенштейн елде өндірілген барлық тауардың 90%-ын экспорттайды.
♣ Мемлекетте тұратын отыз мың халықтың 37%-ын шетелдіктер құрайды. Әсіресе, швейцариялықтар мен австриялықтардың саны Лихтенштейнде өте көп.
Оқи отырыңыз:
Мұң мен даңқ арасынан ұшып өткен көбелек
Менің Тайландтағы күндерім #2
Исландиядағы электр мұнарасы
Көл ортасындағы жалғыз мұнара
Сурет: stranyplanety.ru