- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Lesedi la Rona...
Lesedi la Rona – ең ірі алмаз
Graff Diamonds компаниясы осы ғасырда табылған ең ірі алмазды 53 миллион АҚШ долларына сатып алды. Асыл тастар ішіндегі 1109 карат алмазды сатылымға шығарған Lucara Diamond корпорациясы одан да жоғары ақы күткен болса керек.
Канадалық алмаз өндіретін Lucara Diamond ұйымының бұл тасы үлкендігі жағынан өткен ғасырда Бостванадағы кеніштен алынған әлемдегі ең ірі алмазға ғана жол береді. Куллинан алмазы атауымен белгілі тастың салмағы – 3106 карат. Осы ғасырда табылған әлемдегі ең ірі алмаз канадалық Lucara Diamond Corporation компаниясының африкалық кенішінен шыққан. Компания басшысының айтуынша, жүз жылдан астам уақыттың ішінде табылған ең үлкен зергерлік сападағы, салмағы 1000 караттан асатын алмаз табылуының маңызы зор екен. Соңғы жүз жылда алмаз іздеушілер мұндай үлкен олжаға тап болмаған. Куллинан алмазы 1905 жылы ОАР-да табылды. Куллинан Ұлыбритания королі Эдуард VII-ге сыйға берілген. Алмаз тоғыз ірі және 96 ұсақ бриллианттарға бөлініп, ең үлкені Британия империясы тәжін көркемдеп тұр.
Сонымен, 2015 жылы табылған Lesedi La Rona алмазының атауы «Біздің сәуле» деген мағына береді. Оның қазіргі қожайыны әр карат үшін 47,8 АҚШ долларын төлеген. Бұл асыл тас осыған дейін де бәссаудаға салынған. Ол кезде Sotheby’s лотты $70 миллионға бағалап, максималды ұсыныс бар болғаны $61 миллионды құрапты. Сол себепті бірінші таспыныс нәтижесіз болған.
А. Оралқызы