Еуропа ғарыш агенттігінің Mars Express атты аппараты соңғы бірнеше айда Марстың солтүстік полюсінде болып жатқан тозаңды дауылдарды фотоаға түсіріп алды.
"Қазір Марстың солтүстік жартышарында көктем мезгілі, сол себепті бұл аймақта су мұзынан құралған бұлт пен солтүстік полюстегі мұз қабаты маңында тозаңды дауылдарды байқауға болады", - делінген ЕҒА хабарламасында.
Mars Express зонды Қызыл ғаламшардағы тозаңды дауылдарды 22 мамыр мен 10 маусым күндері аралығында бақылаған.
Мұндай дауылдар әдетте ұзақ тұрмайды. Дегенмен ара-кідік күшты дауылдардың болатыны белгілі. Мысалы, өткен жылдың жаз мезгілінде құмды боранның салдарынан Марсты толықтай күн көзінен айырылып, НАСА Opportunity құрылғысы жұмыс істеуін тоқтатуға мәжбүр болды.