Қызықты деректер топтамасы

» Бүкір кит шығаратын жан айқайы тіршілік иелері арасындағы ең қаттысы болып табылады.

» Жерге күніне оң мыңдаған ғаламшар шаң-тозаңы келіп түседі.

» Егер жүзімді қысқа толқынды жылыту пешіне салатын болсаңыз, ол жарылып кетеді.

» Алғашқы кезде кока-кола сусынының түсі жасыл болған.

 

» Сиыр малын баспалдақ арқылы жоғары жаққа сүйреп жүре аласыз, ал төменгі жаққа мүмкін емес.

» Еріншектер 75% уақытын ұйқыда өткізеді.

» Адамда 46, бұршақта 14, қысқышсыз шаянда 200 хромосома бар.

» Керік тілінің түсі қап-қара, ал ұзындығына келетін болсақ, 50 сантиметрге дейін жеткендері кездескен.

 

» Бүкіл ғаламшарымызда 100 миллиардтан астам галактика бар.

» Жержаңғақты (арахис) динамит жасау кезінде қолданады.

» Жұлдызқұртта (гусеница) адамнан гөрі бұлшық ет саны көп.

» Гавай елінің алфавитінде 12-ақ әріп бар.

» Жыл сайын 10 млн тонна азот жер шарына жаңбыр болып жауады.

» "The quick brown fox jumps over the lazy dog" мәтіні ағылшын әріптерінің толық алфавитін қамтиды.

» 15 дюмді кальмар көзі – әлемдегі ең үлкені.

» Жігіттер қыздарға қарағанда кіші шрифтегі мәліметтерді жақсы оқиды екен, ал бірақ қыздар жақсы тыңдайды.

» Екі бірдей қар ұшқыны ешқашан кездеспейді.

 

» Сүтқоректі жануарлар ішінде дельфин жалғыз өзі ғана бір көзін ашып ұйықтайды.

» Жеті қазынаның бірі иттің иіс сезім мүшесі адаммен салыстырғанда 1000 есеге жоғары.

» Хоккей шайбасы сағатына 160 шақырым жылдамдықты жинай алады.

» Жақсы қаламсаппен 50 000-ға тарта сөз жазып шығуға болады.

» Долларды 293 әдіспен ұсақтауға болады.

» Швейцарлық Генри Нестле ең алғашқы сүтті шоколад жасап шығарды.

» Найзағай ең көп дегенде 7–12 минутқа дейін созылады.

 

» Әлемде тауықтар саны адам санынан көп.

» Әлемдегі жер астынан табылған алмаздардың ең алыбы 3106 карат.

» Өкпенің оң жақ беті, сол жақ бетіне қарағанда ауа алқымы үлкен.

» Әлемде жалпы туылған адамдар санының 10%-ы қазіргі кезде өмір сүріп жатыр.

» Ең желді аймақ Виктория жері, Антарктидада. Ол сағатына 215 шақырым жылдамдықпен соғады.

» Жыл сайын найзағай 1000 адам өмірін о дүниеге аттандырады.

» Ересек адам дене-бітімінде 75 шақырым жүйке жүйесі бар.

» Егер күнді допқа теңейтін болсақ, онда  Юпитер гольф доңғалағына айналады, ал жер болса бұршақ кейпіне енеді.

» Лос-Анджелесте көлік саны адам санынан басым.

» Көлік қозғалтқышы тек 1949 жылдарға қарай кілтпен отала бастаған.

 

Оқи отырыңыз:

Елбасы жайлы қызықты деректер

Бразилия туралы қызықты деректер

Жапония туралы қызықты деректер

Франция туралы ең қызықты деректер

Астана қаласы туралы қызықты деректер

Дайындаған:Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет:www.liveinternet.ru,saphophotographics.deviantart.com,ianimal.ru