- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Қыздың көз жасынан...
Қыздың көз жасынан тас шығуда
Йеменнің 12 жастағы тұрғынының көз жасынан майда тастар табылуда...
Дәрігерлер осы бір тосын құбылысқа анықтама бере алмай отыр. Оған бір себеп, Саадияның ғылымға белгілі бірде-бір ауруға шалдықпауы. Соған қарағанда, майда тастар қабағы арқылы түзіліп, көз жасымен сыртқа шығып жатқан сыңайлы.
Жақында йемендік Азал телеарнасынан қыздың көз жасына арналған бағдарлама өтіп, онда майда тастардың түзілуінің бүге-шүгесіне дейін тоқталыпты.
Қыздың көз жасынан түскен майда тастар бүгінде қораптарда жиналулы.
Ел тұрғындары мұны сан тарапқа жоруда. Йеменде мұндай жайттар қауіпті саналады екен.
Ал бәзбіреулер мұның арты жақсылыққа бастамайтынын айтып, көп ұзамай ел арасында жұқпалы індет тарайды деп сендіруде. Зерттеушілер қыздың көз жасынан тастың табылу сырын жергілікті табиғатпен байланыстыруда.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: liveinternet.ru
Л. Лига