- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Қыз алып қашу...
Қыз алып қашу жазасы – 10 жыл
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев қыз баланы некеге күштеп тұрғызу жайындағы қылмыстық кодекске өзгертулер енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды РИА Новости.
Агенттіктің хабарлауы бойынша, қырғыз жоғарғы кеңесінің келісілген заңы 17 жасқа толмаған және басы бос әйелдердің бостандығы жайлы екен.
Бұған дейін аталған елде некеге тұруға мәжбүрлеу және бостандықтан айыру жазасы айыппұлмен өтелетін болған. Ал кейіннен «Қыз алып қашу» дәстүрінің жазасы 5 жылдан 7 жылға дейін болса, ендігіде 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы заң қабылданды.
Бұл заң көптеген құқық қорғау органдары әрекеттерінің нәтижесі болып отыр. Олардың статистикасы бойынша, Қырғызстанда 11 мың қыз бала еріксіз түрде некеге тұрады екен.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: tengrinews.kz
А. Құлтай