Қытайдың Харбин қаласында 20 қабатты қарапайым мұздан салтанатты сарай салынды. Құрылысшылар бұл сарайды салу үшін әрқайсысы 200 кг болатын мұзды кесектерді пайдаланған, оны тұрғызып, артынша қатып қалу үшін үстінен су құйған. Кейін мұзды ғимараттың сыртын қашап, өңдеген. Мұз мүсіндер фестивалін ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, бұл экспонаттарды жасауға шамамен 10 мың адам атсалысқан екен. Төмендегі суреттерден хан сарайындай салынған мұз сарайды және қызу жұмыс барасын көре аласыздар.
Сурет: terrawoman.com