- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Қытай туралы қызықты...
Қытай туралы қызықты деректер
Қытай дегенде ең алдымен есімізге халық саны түсетіні рас. Бірақ біз бүгін Қытай туралы басқа да қызықты деректермен таныстырамыз.
1. Қытайда тұтқындалған адамдар, басқа елдермен салыстырғанда, қамауда 4 есе ұзақ отырады.
2. Әлемдегі ең ұзын кептеліс Қытайдың Шанхай қаласында болған. Кептеліс 12 күн бойы тарқамаған. Ұзындығы 99 километр болды.
3. Қытай полициясы иттің орнына көбіне қазды қолданады. Қаз көзінің көргіштігімен ерекшеленеді.
4. Әскерилер бастарын биік және тік ұстап үйрену үшін жағаларына ине қадап қояды.
5. Қытайда белгілі бір дін жоқ. Бірақ 54 миллионға жуық халық христиан дінін ұстанады.
6. Әйгілі Playstation ойын құралына Қытай территориясында тыйым салынған.
7. Қытайда жылына шамамен 1 миллиондай әйел түсік жасатады екен. Бұл халық санының көптігіне байланысты.
8. Шамамен Қытайдың 1 миллиондай тұрғыны күніне 1 долларға ғана өмір сүреді.
9. Яодун – Қытайдағы үңгірлі үйлердің аты. Онда шамамен 30 миллион адам тұрады. Ол Австралияның халық санынан әлдеқайда көп.
Сурет: site-creator1.narod.ru
Ж. Исакаев